15 Қазан, 2015

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №622

646 рет
көрсетілді
35 мин
оқу үшін
2014 жылғы 19 қыркүйек,  Астана қаласы Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың  мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасы бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4947 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2007 жылғы 2 қарашада № 168(1197) жарияланған); 2) «Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 361 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6864 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 7 мамырда №150-151 (26571-26572)) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамсыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Министрдің м.а. полиция генерал-майоры Е. ТУРГУМБАЕВ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №622 бұйрығымен бекітілген Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған (бұдан әрі - шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар) адамдарды бақылау және оларға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылау тәртібін айқындайды. 2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тұрғылықты жеріне келген соң ол ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылып және оған бақылау ісі осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес ашылып, тіркеуге жатады. 3. Соттың адамды жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қаулысы бақылау ісін ашуға негіз болып табылады. 4. Ішкі істер органдары: 1) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар таңдап алған тұрғылықты жеріне келуі бойынша бақылау істерін ашады және профилактикалық есепке қояды; 2) тұрғылықты жері бойынша профилактикалық жұмысты жүзеге асырады; 3) «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртіпте және негіздер бойынша жедел-іздестіру іс-шаралар өткізеді; 4) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам туралы ақпарат алу мақсатында қылмыстық-атқару жүйесінің органдары және мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасады. 5. Қайта қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоя отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның сотталуы, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жазасының өтелмеген мерзімінің аяқталуы, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшінің жойылуы, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның өлімі бақылау ісін жүргізуді тоқтатуға негіз болып табылады. 6. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың есепке алынуын қамтамасыз ету және олармен профилактикалық жұмысты бақылау қалалық (аудандық) ішкі істер органы (бұдан әрі - ҚАІІО) бастығының бір орынбасарына жүктеледі. 7. ҚАІІО-ның бастығы қылмыстық-атқару жүйесінің бөліністерінен мерзімінен шартты түрде бұрын босатылған адамға қатысты хабарлама алған соң мерзімінен шартты түрде бұрын босатылған адамның тұрғылықты жеріне келуін бақылауды жүзеге асыруды әкімшілік полиция бөлінісіне тапсырады. 8. Учаскелік полиция инспекторы немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (бұдан әрі – УПИ) мекемеден хабарлама алған сәттен бастап тәулік ішінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін тапсырма толтырады. Тапсырма жоспар «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасына жолданады. 9. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тұрақты тұрғылықты жеріне келгеннен кейін ҚАІІО-ның бастығы: 1) профилактикалық есепке алуды және адамға арналған ақпараттық-іздеу картасын (бұдан әрі – Адам-АІК) ақпараттық-аналитикалық орталықтың (бұдан әрі – ААО) аумақтық бөліністеріне, сондай-ақ ақпаратты кезекші бөлімге, арнайы мекемеге және полицияның кешенді күштерін жіберуді; 2) ҚАІІО криминалдық полиция бөлінісіне шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды жедел есепке алуды; 3) ҚАІІО әкімшілік полиция бөлінісіне қылмыстық-атқару жүйесі бөліністеріне хабарлауды; 4) ҚАІІО-ның криминалдық полициясына, кезекші бөлімдеріне, арнайы мекемелерге және полицияның кешенді күштеріне шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың тарапынан құқық бұзушылық және сотпен оларға жүктелген міндеттерді орындаудан жалтару фактілері туралы ҚАІІО-ның әкімшілік полиция бөлінісіне ақпарат ұсынуды тапсырады. 5) әкімшілік полиция басшысына шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның қасақана қылмыс жасауының әрбір фактісі бойынша анықталған кемшіліктерді жою және ішкі істер органдарының профилактикалық жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдай отырып, қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырады. 10. УПИ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адаммен әңгіме жүргізеді, тұрғылықты жері бойынша тіркеу ережесін сақтау туралы ескертеді және оның уақтылығын бақылайды, бас бостандығын айыру орындарынан жіберілген А-АІК-дағы көрсетілген деректердің шынайылығын тексереді. 11. Бақылау ісі осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың бақылау істерін тіркеу журналының бірінші бөлігінде тіркеледі. 12. Бақылау ісі жазаның өтелмеген барлық мерзімі бойы жүргізіледі. 13. Мыналар: 1) аса қауіпті түрде қайталанып жасалған қылмыстар үшін, сол сияқты осындай экстремизм белгілері бар қылмыстар үшін; 2) ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотты болған адамдар жазаның өтелмеген мерзімі аяқталғаннан кейін «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының әрекетіне түсетін адамдар санатына ауыстырылады және бас бостандығынан айыру орындарынан іс жүзінде босатылған сәттен бастап 3 жылдан аспайтын уақытта есепте тұрады. 14. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға қатысты, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген қылмыстары үшін жазасын өтеген адамдарды қоспағанда, жазаның өтелмеген мерзімі аяқталғаннан кейін бақылау ісін жүргізу тоқтатылады. 15. Бақылау ісіне бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтаманың, сот үкімдерінің (олар болмаған жағдайда учаскелік инспектор қылмыстық-атқару мекемесіне сұрау салады), шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қаулының көшірмелері, соттылығын тексеру талабы және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға «Есептегі элемент» Біріктірілген деректер банкі есебінің басып шығарылған электрондық карточкасы, өмірбаяны, соттылығы туралы толыққанды түсініктемесі және осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланыстарының сызбасы тігіледі. 16. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның облыстан (республикадан) тыс жаңа тұрғылықты жерге көшкен, қайта қылмыс жасағаны үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы күшін жойған, жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі өткен және ол қайтыс болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде АДБ-ға қажетті түзету енгізу үшін ААО-ға хабарлама жолданады. 2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды бақылауды жүзеге асыру тәртібі 17. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тұрғылықты жеріне келгеннен кейін УПИ үш жұмыс күні ішінде ҚАІІО-ның бастығына Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабына сәйкес оларға сот жүктеген міндеттер бойынша шектеулер белгілеу туралы осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаулы енгізеді. 18. Тұрғылықты жерін тастап кетпеуге тыйым салуға қатысты Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндеттер бойынша белгіленген шектеулерді ҚАІІО бастығы жұмыс, оқу режиміне байланысты өзгерте алады. 19. Есепке қойғаннан кейін УПИ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға, егер ол бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық не әкімшілік қамауға алынатын құқық бұзушылық жасаған немесе Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабында көзделген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда, ішкі істер органдары сотқа жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы ұсыныс енгізетінін түсіндіреді. 20. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға шектеулер белгілеу туралы қаулы бақылау ісі материалдарына тігіледі. Қаулының көшірмесі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға түпнұсқасына қол қою арқылы тапсырылады. 21. Тұрғылықты жері бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам дәлелсіз себептер бойынша 5 жұмыс күні ішінде тұрғылықты жеріне келмеген не болмаған және міндеттерін орындаудан қасақана жалтару фактілері анықталған жағдайда, УПИ бұл туралы ҚАІІО-ның бастығына жазбаша баянатпен баяндайды және оның жүрген жері және жалтару себептерін анықтау бойынша алғашқы іс-шараларды жүргізеді. Тұратын жері анықталмаған жағдайда, сотқа оған іздестіру жариялау туралы не бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыныс енгізеді. 22. Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік қамауға тартылатын құқық бұзушылық жасаған және міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайда ҚАІІО-ның бастығы материалдарды және бақылау ісін қоса отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазаның қалған өтелмеген бөлігін орындау мүмкіндігі туралы осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес дәлелді ұсынымды сотқа жолдайды. 23. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды бақылау олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады. Егер шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам дәлелді себептер бойынша аталған мекенжайда тұра алмаса, ішкі істер органының бастығы оның өтінішіне сәйкес оған қалалық, аудандық ішкі істер органы қызмет көрсететін аумақтың шегіндегі басқа жерде уақытша тұруға рұқсат беруі мүмкін. 24. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың сот жүктеген міндеттерін орындауын толыққанды бақылау мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері: 1) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның мінез-құлқы туралы жұмыс орны және тұрғылықты жері бойынша азаматтардан және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың әкімшіліктерінен мәліметтер сұрауға және алуға; 2) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды әңгімелесуге ішкі істер органына шақыруға, қажет болған жағдайда мұндай әңгімелерді туыстарының келісімі бойынша оларды қатыстыра отырып өткізуге; 3) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардан сот жүктеген міндеттердің орындалуына байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктерді талап етуге құқылы. 25. УПИ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адаммен тұрғылықты жері бойынша сот белгілеген міндеттерді орындаудан жалтару және оның құқық бұзушылық жасау оқиғаларына жол бермеуі жөнінде ескерту жұмысын жүргізеді. 26. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұрғын үйіне әрбір барудың нәтижелері бойынша учаскелік полиция инспекторы немесе оны ҚАІІО бастығының нұсқауымен тексерген полиция қызметкері бақылау парағына осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті белгі қояды. 27. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың ішкі істер органдарына келу міндеті бақылау жасау, сондай-ақ профилактикалық сипатта әңгіме жүргізу мақсатында қолданылады. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның келу сағаттары, оның жұмысы мен оқуына әсер етпейтіндей есеппен белгіленеді. 28. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның ішкі істер органына келуін тіркеу әкімшілік полиция бөліністерінде не учаскелік полиция пункттерінде жүзеге асырылады, бұл туралы арнайы тіркеу парағына осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі қойылады. 29. УПИ сот белгілеген міндеттерді бұзудың әрбір фактісі бойынша осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат толтырады және ҚАІІО батығына баяндайды. 30. Ішкі істер органының немесе соттың шақыртуы бойынша келмеген жағдайда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды мәжбүрлеп алып келу жүзеге асырылады. 31. Қызмет көрсету аумағында тұрмайтын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда онда осы адамға бақылау жүзеге асыратылатын тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы көшірмесімен хабарлама жіберіледі. 32. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам тұрғылықты жерінен ауданнан (қаладан, облыстан) тысқары шығу туралы мәселелерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жазбаша арызының шығу себебін профилактикалық есепте тұрған кезеңдегі мінез-құлқын сипаттайтын деректер көрсетілген учаскелік инспектордың баянаты негізінде ҚАІІО-ның бастығы (не оның міндетін атқарушы адам) қарайды. Қабылданған шешім туралы арызға тиісті жазба жазылады. 33. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға басқа жерге уақытша кетуге және онда бір тәуліктен артық болуға рұқсат берілген жағдайда қолхат арқылы бағыттық парақ осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес беріледі, онда басқа елді мекенге шығуға рұқсат берілген күні, бару мақсаты мен болу мерзімі, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның ішкі істер органында тіркелуі, шақыру бойынша белгіленген уақытта ішкі істер органына келуі, тұрғылықты жері бойынша оны қадағалауды жүзеге асыратын учаскелік полиция инспекторына өзінің оралғаны туралы хабарлау міндеттері көрсетіледі. УПИ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның кеткені туралы ол келуге тиіс аумаққа қызмет көрсететін ішкі істер органына осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде хабарлайды. 34. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам басқа ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа келісімен, әкімшілік полиция бөлінісінің қызметкері немесе УПИ келген адамды жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа уақытша тұру үшін келген адамдарды тіркеу журналының екінші бөліміне тіркейді, оның бағыттық парағына тиісті белгілер қойып, оларды ішкі істер органының мөрімен (мөртаңбасымен) куәландырады. 35. УПИ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның уақытша тұру мерзімі ішінде оның мінез-құлқы мен өмір сүру салтын қадағалауды жүзеге асырады, әңгімелесу үшін оның келу күндерін белгілейді, болу мерзімі аяқталғанда бағыттық парағына оның уақытша тұру жеріндегі мінез-құлқы туралы жазба енгізеді. 36. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам тұрғылықты жеріне оралған кезде бақылауды жүзеге асырушы УПИ бағыттық парақтағы жазбалармен танысады, оған аталған адамның келгені туралы белгі қояды және бағыттық парақты бақылау ісіне тіркейді. 37. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен жағдайда: 1) бақылауды жүзеге асырушы ішкі істер органы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұратын аумақтағы ішкі істер органына осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат жолдайды; 2) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жаңа тұрғылықты мекенжайы бойынша үш жұмыс күні ішінде тексереді және ақпарат жіберген органға хабарлайды; 3) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның таңдап алған тұрғылықты жері бойынша келгені туралы расталған қатынас хатты алған соң, оның бақылау ісін және криминалдық полициядағы бар ақпараттарды әрі қарай бақылауы үшін жаңа тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына жолдайды; 4) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға тұрғылықты жеріне кеткен кезде осы Қағидаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау парағы беріледі, онда кеткен күні, жаңа тұрғылықты жерінің мекенжайы және жаңа тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына тіркелуге келу мерзімі көрсетіледі. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 1-қосымша №_________бақылау ісі ____________________________________________________________________ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанның тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________________________________________________________ тұрғылықты мекенжайы Бақылауды ___________________________________________________________________________________ ҚАІІО-ның атауы учаскелік полиция инспекторы___________________________________________________________________ учаскелік полиция инспекторының атағы, ___________________________________________ жүзеге асырады тегі және аты-жөні Басталған күні: 20___жылғы «____» ______________ Жазаның өтелмеген бөлігі мерзімінің аяқталу күні: 20___ жылғы «____» ______________ Әкімшілік қадағалау туралы Заңның қолданысына түсетін адамдар санатына өткізу күні 20___ жылғы «____» ______________ Бақылау ісін жүргізудің аяқталған күні: 20___ жылғы «____» ______________ Іс 20____ жылғы «______» _____________ дейін мұрағатта сақталсын. (есепке алу-қадағалау ісі мұқабасының ішкі жағына жазылады) Бақылау ісіне тігілетін құжаттардың тізбесі 1. Іске тігілген құжаттардың тізімдемесі 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтаманың көшірмесі 3. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот қаулысының көшірмесі 4. Өмірбаяны. 5. Соттылығы туралы түсініктер. 6. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның байланыстар сызбасы 7. Тіркеу парағы 8. Есепке алынған адамды ҚСжАЕК-нің деректері бойынша арнайы тексерудің талабы 9. Соңғы соттылығы бойынша аудандық (қалалық, облыстық) сот үкімінің көшірмесі (үкімнен үзінді көшірме) 10. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанға міндеттерді белгілеу туралы сотқа жолданған хабарламаның көшірмесі 11. Міндеттерді белгілеу туралы соттың қаулысы 12. «Бүркіт» БАЖ-ға енгізу туралы тапсырма-жоспардың көшірмесі 13. Әкімшілік құқық бұзушылық және сот жүктеген міндеттерді бұзу туралы хаттамалардың көшірмелері 14. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған жағдайда әкімшілік жауапқа тарту туралы ҚАІІО және соттың қаулылары (оның ішінде әкімшілік айыппұлдарды төлеу туралы түбіртек көшірмелері) 15. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға сот белгілеген міндеттердің сақталуын бақылау парағы 16. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адаммен әңгімелер өткізу туралы анықтамалар 17. Бағыттық және бақылау парақтарының түбіршектері, бағыттық және бақылау парақтары 18. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның өмір сүруін, мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар басқа да құжаттар Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 2-қосымша Нысан Бекітемін ____________________________________ ____________________________________ Тапсырма Тапсырманың мақсаты: Қазақстан Республикасынан шығуды жабу Тапсырма негізі:____(сілтеме)_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ Тапсырманың жарамдылық мерзімі І_І_І І_І_І І_І_І_І_І дейін (ӘҚ-ның аяқталған күні) (күні) (айы) (жылы) Тегі кириллица___________________________________ латынша ____________________________________ Аты кириллица __________________________________ латынша ____________________________________ Әкесінің аты кириллица __________________________________ фотоның орны латынша ____________________________________ Туған күні І__І__І І__І__І І__І__І__І__І (күні) (айы) (жылы) Жыныс _______________ Азаматтығы _________________________________________________________________________________ Ұлты ______________________________________________________________________________________ Туған күні __________________________________________________________________________________ (облысы, елді мекені) Туған жері __________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ Адам туралы қосымша деректер:_______________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ табылған жағдайда кімге хабарлау керек ________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ Жұмыстан тыс уақытта: ______________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ Процессуалдық сипаттағы қандай шараларды жүргізу қажет: ___________________________________________ Кім санкциялады:_____________________________________________________ Бастамашы: ____________________________________________________________________ (мемлекеттік орган) ____________________________________________________________________ (бөлімше) ____________________________________________________________________ (лауазымы) ____________________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты-жөні) (телефоны) Толтырған күні І__І__І І__І__І І__І__І__І__І (күні) (айы) (жылы) Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 3-қосымша Нысан Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға бақылау ісін тіркеу журналы 20__ жылы «__»____________басталды 20__жылы «__»______________аяқталды Журналдың ішкі мазмұны Бірінші бөлім Бақылау ісінің реттік нөмірі Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тегі, аты және әкесінің аты Жазаның өтелмеген бөлігі мерзімінің басталған күні Жазаның өтелмеген бөлігі мерзімінің аяқталған күні «Бүркіт» базасына енгізген күні Бақылауды жүзеге асырушы учаскелік инспектордың тегі 1 2 3 4 5 6 Екінші бөлім N р/с Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылып келушінің тегі, аты, әкесінің аты Тұрғылықты жеріндегі мекенжайы және шығуға рұқсат берген ҚАІІО-ның атауы Мерзімінен бұрын-шартты түрде боса- тылған адам- ның ҚАІІО-ға тіркелген күні және уақытша тұру мерзімінің аяқталуы Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның уақытша тұратын мекенжайы және бақылауды жүзеге асырушы учаскелік инспектордың тегі ҚАІІО-ға кезекті келетін күні Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның тұрақты тұратын жеріне кеткені туралы ҚАІІО-ға тіркелген күні және оның мінез-құлқы туралы қысқаша ақпарат 1 2 3 4 5 6 7 Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 4-қосымша Нысан Әр бөлімде тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы, жұмыс орны, лақап аттары, сотты болғандығы көрсетіледі (сызбаға барлық достары, таныстары мен туыстары енгізіледі). Сызбаны жасаған: ____________________ ______________________ лауазымы, атағы тегі және аты-жөні 20__ жылғы «___» _____________ Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 5-қосымша Нысан Бекітемін ______________________бастығы ҚАІІБ-нің атауы _____________________________ атағы, Т.А.Ә. қолы 20__жылғы «____»_____________ Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты шектеулерді белгілеу туралы қаулы ____________________________________________________учаскелік полиция (ҚАІІО-ның атауы) инспекторы __________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә., атағы) ____________________________________________________________________________________________ (соттың толық атауы) 20__ жылғы «__»____________сот қаулысын қарап, оған сәйкес _____________________________________ ______________________________________________________жазасын өтеуден (шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның Т.А.Ә.) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды және оған мынадай міндеттер жүктелді: 1.____________________________________________________________________ 2.____________________________________________________________________ 3.____________________________________________________________________ Ескертпе: Егер сот қаулысында тек Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабына сілтеме жасалған жағдайда «ҚАК-нің 169-бабында көзделген......... міндеттер жүктелді». 20___ «____»___________ сот қаулысы күшіне енгеннен соң шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған _____________________________________________________________________________________ мына мекенжай бойынша тұруға келді және мен оны профилактикалық есепке қойдым. Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабына сәйкес тиісті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанға сот жүктеген міндеттер бойынша шектеу белгілеу қажет. Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабын басшылыққа ала отырып, Қаулы етті: ______________________________________________________________________________қатысты мынадай тегі, аты-жөні міндеттер белгіленсін: 1. __________________________________________________________________ 2. __________________________________________________________________ 3. __________________________________________________________________ Ескертпе: Шектеулер тізбесі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабына сәйкес сот жүктеген міндеттермен қатаң сәйкестікте белгіленеді. __________________________________________учаскелік полиция инспекторы ____________________________________________________________________________________________ атағы, Т.А.Ә. 20__жылғы «__»__________ Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 6-қосымша Нысан ___________________ сотының төрағасы Ұсыныс 20___ жылғы «____» ___________бастап Қазақстан Республикасы ҚК «_____» бабы бойынша «____» жылға сотталған, бас бостандығынан айыру орындарынан жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған адамның «____» жазасын өтемеген мерзімі 200_______жылғы «___»_____жылдан бастап__________мекенжайында тұратын_________жылы туған азамат(ша)__________________________________________________ _____________________ профилактикалық есепте тұратынын хабарлаймын. ҚАІІО атауы Азамат (ша)_______________________жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылғаннан кейін ішкі істер органдарының ескертуіне қарамастан, түзелу жолына түспеді, құқыққа қарсы өмір сүруді жалғастыруда және (сот белгілеген міндеттерді) құқық бұзушылықтарға жол беруде. ____________________________________________________________________________________________ (белгіленген міндеттерді бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған немесе жүктелген міндеттемелерді бұзу және олар __________________________________________________________________ бойынша есептегі адамға қатысты қабылданған әкімшілік ықпал ету шаралары көрсетіледі ) _____________________________________________________________________________________________ Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, азамат (ша) тағы да құқық бұзушылық жасады (сот белгілеген міндеттерді орындаудан жалтарды) __________________________________________________________________ (жол берілген құқық бұзушылық немесе белгіленген міндеттерді орындамауы көрсетіледі.) Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып және Қазақстан Республикасы ҚАК 169-бабы, және Қазақстан Республикасы ҚК 72-бабының «1» тармағын басшылыққа ала отырып, Сізден азамат (ша) _____________________ тегі, аты, әкесінің аты. жазадан мерзімінен бұрын-шартты түрде босатуды алып тастау мәселесін шешуіңізді сұраймын _____________________________________________________________________________________бастығы ҚАІІО атауы, ____________________________________________________________________________________________ атағы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы 20____ жылғы «______ «______________ Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 7-қосымша Нысан Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты белгіленген міндеттердің сақталуын бақылау парағы Тегі ________________________ Аты ____________________________________________________________ Әкесінің аты _________________________________________________________________________________ Туған күні және туған жері ______________________________________________________________________ Тұрғылықты мекенжайы _______________________________________________________________________ Бақылау мерзімі ________________бастап___________________ дейін N р/с Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды тұрғылықты жері бойынша тексерген қызметкердің лауазымы, атағы, тегі Тексеру күнімен уақыты Тексеру нәтижелері (үйінде болды, болған жоқ) Белгіленген міндеттерді бұзғаны үшін мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға қолданылған шаралар 1 2 3 4 5 Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 8-қосымша Нысан Тіркеу парағы Азамат (ша) ___________________________________________________________________________ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тегі, аты және әкесінің аты ______________________________________________________________________________________ ҚАІІО _________________________________________________________________________________ ҚАІІО-ның толық атауы Жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі ______________________________ дейін Тіркелу үшін белгіленген күні мен уақыты __________________________ N р/с Тіркеуді жүргізген қызметкердің лауазымы, атағы, тегі Тіркелген күні Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның қолы Ескерту 1 2 3 4 5 Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 9-қосымша Нысан _________________________________ ҚАІІО толық атауы бастығы __________________________ Баянат 20___ жылғы «___» ___________ Қазақстан Республикасы ҚК _____ бабына сәйкес ____ жылға сотталған, бас бостандығынан айыру орындарынан жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұ­рын босап шыққан_________________ мекенжайында тұратын________жылы туған азамат(ша) ____________________________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты ішкі істер органдарының ескертуіне қарамастан, құқыққа қарсы өмір сүруін жалғастыруда және сот белгілеген міндеттемелерді, құқық бұзушылыққа жол беруде. Әкімшілік жауапкершілікке тартылды, міндеттерді орындаудан жалтарды _____________________________________________________________________________________________ (жол берілген әкімшілік құқық бұзушылық, белгіленген міндеттерді бұзу _____________________________________________________________________________________________ және олар бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты қабылданған әкімшілік ықпал ету шаралары көрсетіледі) Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, азамат (ша) тағы да құқық бұзушылық жасады _______________________________________________________________________ (жол берілген құқық бұзушылық _____________________________________________________________________________________________ немесе міндеттерді орындаудан жалтару көрсетіледі.) Баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден азамат (ша)______________________________ тегі, аты, әкесінің аты қатысты құжаттарды жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды алып тастау мәселесін шешу үшін аудандық, қалалық сотқа жолдау мәселесін шешуіңізді сұраймын. ______________________________________ ҚАІІО-ның атауы, учаскелік полиция ______________________________________ инспектордың атағы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы 20_____ «______» ____________ Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 10-қосымша Нысан Бағыт парағының түбіршегі Азамат(ша)___________________________________ тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________ _____________________________________________ елді мекеннің атауы ____________________________________ күн мерзімге шығуға рұқсат берілді. Рұқсат берілген күні____________________________ Болу ақыты______________бастап ____________дейін белгіленген. Азамат(ша)___________________________________ тегі және аты-жөні елді мекенге келгеннен кейін жергілікті ішкі істер органында тіркелуге міндетті екендігі ескертілді. Ескертумен таныстым 20____жылғы «____»______________ _________________________________ қолы БАҒЫТ ПАРАҒЫ Тегі_________________________ Аты________________ Әкесінің аты______________________________________ Туған күні мен туған жері__________________________ Тұрғылықты мекен жайы __________________________ Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған күні _________________ Жазаның өтелмеген мерзімі ______________ бастап___________ дейін Бақылауды жүзеге асыратын ішкі істер бөлімінің атауы________________________ Бақылаудағы адамның баратын елді мекеннің атауы ________________________________________________ Сапардың мақсаты_____________________ Осы елді мекенде болу мерзімі _________бастап________ дейін белгіленген. ______________________________________ ҚАІІО-ның атауы _______________________________бастығы атағы, ______________________________ қолы, тегі, аты-жөні Бағыт парағының сыртқы жағы 20______жылғы «_____»_____________________ _____________________________________ келді. елді мекеннің атауы ________________________________________ кезекшісі ҚАІІО-ның атауы М.О.________________________________________ атағы, қолы, тегі, аты-жөні Уақытша тұратын жеріндегі учаскелік полиция инспекторына келгені туралы белгі. 1. 20___жылғы «_____»_____________________ ҚАІІО қызметкерінің қолы 2. 20___жылғы «____»_______________________ ҚАІІО қызметкерінің қолы _____________________________________ кетті. елді мекеннің атауы __________________________________ кезекшісі М.О. ______________________________________ атағы, қолы, тегі, аты-жөні 20__жылғы «___»_________ тұрғылықты жеріне келді. _____________________учаскелік полиция инспекторы ҚАІІО-ның атауы ___________________________________________ атағы, қолы, тегі, аты-жөні Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 11-қосымша Нысан Ішкі істер органының _____________________________ мөртаңбасы ҚАІІО-ның атауы ___________________ бастығына Хабарлама ____________________________________________________________ 20__ жылғы «___»_______ (ішкі істер органының атауы) туған, ________________________________________________________________мекенжайы бойынша тұратын тұрғылықты мекенжайы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат (ша) __________________________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты 20___ жылғы «______» ______________________________________________________________________ сапардың мақсаты ____________________________________________________________________________ тәулік мерзімге елді мекеннің атауы шығуға рұқсат етілгенін хабарлаймын. Ол жерде _________________________________________________ мекенжайы бойынша __________ бастап ___________________ дейін тұрады. Жоғарыда баяндалғандарға байланысты уақытша тұратын жері бойынша азамат (ша) ________________________________________________________________________________ тегі, аты-жөні мінез-құлқы мен өмір сүру салтын бақылауды ұйымдастыруды, оның тарапынан болған құқық бұзушылықтар туралы ___________________________________ ішкі істер бөліміне хабарлауды сұраймын. ______________________________________________________________________________ бастығы ҚАІІО атауы, _________________________________________________________________________________ атағы, қолы, тегі және аты-жөні 20______ жылғы «_____»______________ Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 12-қосымша Нысан Ішкі істер органының ___________________________ мөртаңбасы ҚАІІО-ның атауы __________________бастығына шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның мекенжайын ауыстыру туралы АҚПАРАТ Профилактикалық есепте тұратын, бас бостандығын айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат(ша) _____________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________________________ тұрғылықты мекенжайын өзгерту және __________________________________ мекенжайы бойынша шығу ниетінде екенін хабарлаймын. Жоғарыда баяндалғандарға байланысты уақытша тұратын жері бойынша азамат (ша) __________________________________________________________________________________ тегі, аты-жөні жаңа тұрғылықты жеріне уақтылы келуін бақылауды ұйымдастыруды сұраймын. Бақылау ісі азамат (ша)________________________________________________________________________ тегі, аты-жөні жаңа тұрғылықты жеріне келгені туралы растау қағаз алғаннан кейін жіберіледі. ______________________________________________________________________________________бастығы ҚАІІО атауы ___________________________________________________________________________________________ Атағы ____________________________________________________________________________________________ қолы, тегі, аты-жөні 20 __ жылғы «___»________ Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 13-қосымша Нысан Бақылау парағының түбіршегі __________________________________ елді мекеннің атауы __________________________ шығатын азамат(ша) _______________________________ ____________________________ тегі, аты, әкесінің аты Шығу күні_________________________ Азамат(ша)________________________ тегі және аты-жөні елді мекенге келгеннен кейін жергілікті ішкі істер органына тіркелуге міндетті екендігі ескертілді. Ескертумен таныстым 20__ жылғы «____»___________ _______________________________ қолы БАҚЫЛАУ ПАРАҒЫ Тегі_____________________________ Аты__________________ Әкесінің аты____________________________________________ Туған күнімен туған жері _________________________________ Тұрғылықты мекенжайы__________________________________ Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған к